Оқиға
1 мин оқу 200
Ақтөбеде қараусыз қалған гараждан граната табылды
<p style="text-align: justify;">24 мамырда сағат 14:30 шамасында 102 телефонына Ақтөбе қаласындағы Авиатор-3 гараж кооперативінде қараусыз қалған гаражды бұзу кезінде граната табылғаны туралы хабарлама түскен, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> Polisia.kz-ке сілтеме жасап.</p>
Арнайы бөлімше саперлері табылған гранатаны болжам бойынша Ф-1 әскери гранатасы екендігін анықтады.
Баллистикалық сараптама тағайындалды.
Полиция гараждың бұрынғы иесін анықтап жатыр.
ҚР ҚК-нің 287-бабы 3-бөлігі (Қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттар мен жарылғыш құрылғыларды заңсыз сатып алу, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Бөлісу: