Елорда
1 мин оқу 510
Мың бала бір мезетте күй тартып, рекорд жасады
<p style="text-align: justify;">Елордада физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде өткізілген күй кеші Гиннестің рекордтар кітабына тіркеледі, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz.</a></p>

Еліміздің еңбек сіңірген өнер қайраткері Айтжан Тоқтаған өткізген домбыра сабағына 1032 оқушы қатысқан. Көрермендер балалардың орындауында «Сарыарқа», «Балбырауын», «Еркем ай», «Кеңес», «Жастар биі» күйлерін тамашалады.
Айта кетсек, бір мектептің 1000 оқушысы ұлттық музыкалық аспапта күй шертуі алғаш рет тіркелген. Сол себепті Гиннесс кітабының өкілдері онлайн форматта орындаушыларға бақылау жүргізді. Кеш соңында әр қатысушыға оны растайтын сертификат табысталды.
Салтанат Кенжебай
Бөлісу: