Білім
2 мин оқу 320

Гарвардтан шақырту алды

<p style="text-align: justify;">Кеншілер астанасындағы NIS түлегі Анель Жүнісованы Гарвардтағы әйгілі Harvard Medical School мектебі тағылымдамадан өтуге шақырды. Білімімен бағы жанған жас дарын Назарбаев зияткерлік мектебін 2018 жылы бітірген болатын.</p>

Гарвардтан шақырту алды

Қолына аттестат алғаннан кейін Анель Жүнісова Оңтүстік Кореядағы Ulsan National Institute of Science and Tech­nology деп аталатын оқу орны­­на түсіп, «Биомедициналық инженерия» және «Бизнес-әкімшілік» мамандықтары бойынша қос диплом бағдарламасын таңдады.

Университетте жүргенінде ол ғы­лым мен қоғамдық жұмысты ұштас­тырып, белсенділігімен көзге түсті. Атап айтқанда, Анель екі жыл бойы 50 ұлт өкілінен тұратын UNIST Халық­аралық студенттер ұйымының пре­зиденті болды. Бұған қоса ол NIS Alumni-дің Оңтүстік Кореядағы филиа­лын құрды. Оның бағдарламасы бойын­ша жергілікті жоғары оқу орындарына түсуге 600-ден астам талапкер үшін тегін тәлімгерлікті қамтамасыз етуге және түрлі іс-шаралардың көмегімен Қазақстаннан Оңтүстік Кореяға келген студенттерді біріктіруге қаржы бөлінді.

Мұның өзі Анель Жүнісоваға Син­гапур ұлттық университеті жанын­дағы аурухананың бір бөлігі саналатын Сингапур клиникалық зерттеулер инс­титутында ақылы тағылымдамадан өтуге жол ашып, ол жарты жылға Ко­рея­­дан осы елге көшіп барды.

Анель өзінің осындай шешім қа­былдағанына қуанышты екенін айта­ды. Өйткені дәл осы жерде педиатрия­лық неврология бөлімінде өзі армандаған бағытымен қауыша алды.

– Мен 3-7 жас аралығындағы балаларда аутистік бұзылыстың дамуы мен пайда болуын зерттеу бойын­ша өзімнің зерттеу жобамды қаржы­ландыру көзіне қол жеткізе алдым. Зерттеуім МРТ суреттерін, генетикалық биомаркерлерді және балалардың жалпы психиатриялық жағдайын талдаудың пәнаралық интеграциясына негізделген, – дейді жас ғалым.

Гарвардта Анель есте сақтау, альц­геймер, клиникалық депрессия про­цес­терін және аутизмді зерттемекші. Нақтырақ айтқанда, ол миды зерт­теудегі іргелі кітаптардың, нұс­қау­лық­тардың және бағдарламалық жасақ­таманың авторларымен бірігіп жұмыс істей отырып, өзінің жобаларын дамытуды жалғастырады.

Қарағанды облысы

Бөлісу:
Гарвардтан шақырту алды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар