Медицина
1 мин оқу 260

Шеберлік шыңдау дәрісі

<p style="text-align: justify;">Өкінішке қарай, елімізде мета&shy;болиттік аурулар көбейіп ке&shy;леді. Нейрометаболиттік және мито&shy;хон&shy;дриялық аурулары бар бала&shy;ларға диагностика жасау &ndash; күр&shy;делі іс. Осы мәселелер төңіре&shy;гінде және балалар жылы аясында Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің №2 көп&shy;бейінді қалалық балалар ауруханасында профессор Руди ван Костердің қатысуымен ше&shy;берлік сабағы өтті.</p>

Шеберлік шыңдау дәрісі

Профессор Руди Ван Костер – нейрометаболиттік және митохон­дрия­лық аурулардың әйгілі сарап­шысы. Мамандардың пікіріне қара­ғанда, нейрометаболиттік және мито­­хондриялық аурулары бар бала­ларға диагностика жасау мәсе­лесі өзекті болып отыр. Про­фессор Руди Ван Костер нейро­метаболит­тік және мито­­хондриялық аурулар­ды ерте диагнос­тикалау бойынша білімі мен тәжі­ри­бесін және осы патологиясы бар балаларды ем­деудің ықтимал тәсілдерін Қазақ­­стан дәрігерлерімен бөлісіп, маңыз­ды ойларын ортаға салды. Сонымен бірге ауыр науқасқа шал­дық­­қандардың клиникалық жағ­дай­ларына үңілді. Алдағы уақытта мұн­дай шеберлік сабақтары жыл сайын өткізіліп отырмақ.

Бөлісу:
Шеберлік шыңдау дәрісі · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар