Қазақстан
2 мин оқу 493

Жас талантты самғатқан «Ақ қауырсын»

<p style="text-align: justify;">Алматы облысы әкімінің жас қаламгерлерге берілетін &laquo;Ақ қауырсын&raquo; жүлдесі биыл бесінші рет сарапқа салынды. Дәстүрлі әдеби байқау Жазушылар одағы Алматы облыстық филиалы, Janr әдеби клубы және &laquo;Қазақ тілі&raquo; қоғамы облыстық филиалымен бірлесе ұйымдастырылды.</p>

Жас талантты самғатқан «Ақ қауырсын»

Байқау осы жолы ұлтұста­зы Ахмет Байтұрсын­ұлы­ның 150 жылдық мерейтойы және Ал­маты облысының 90 жыл­дығына орай жариялан-ды. Ал байқаудың мақ­саты ұлт ұстазы Ахмет Байтұр­сын­ұлының еңбектері мен шығармашылығын, Алматы облысының 90 жылдығын кеңінен насихаттау, ұлттық құндылықтарды дәріптейтін қазіргі әдебиетті дамыту және оған қолдау көрсету еді. Бай­қау қатысушы ақындарға Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойына орай «Ел бүгіншіл, менікі ертең үшін» тақырыбына өлең арнау ұсынылса, проза бәйгесі Алматы облысының 90 жыл­дығына арналды. Бәйгеге 18-35 жас аралығындағы қалам­герлер, ақындар, журналис­тер, аудандық, қалалық ірік­теу кезеңінен өткен байқау­дың жеңімпаздары өз шығар­маларын жолдаған екен.

– Алматы облысында ақын-жазушыларға, жас қа­­­­лам­герлерге деген қам­қор­­­лық ерекше. Соның бірі осы – «Ақ қауырсын» әдеби сыйлығы. Байқау биыл бе­сінші мәрте қалам ұстаған жастардың шабытын ашып, әрі қарай шығармашылығын шыңдауына оң серпін беріп отыр. Жалпы, бұл байқау Жетісу өлкесіндегі әдебиетші қауымның асыға күтетін мерейлі салтанатына, рухани-әдеби танымдық шарасының көш басында тұр, – дейді об­лыстық Тілдерді дамыту бас­қармасының басшысы Рах­мет Есдәулетов.

Осылайша, қазылар алқа­сының шешімімен поэзия жанры бойынша 1-орынды «Жетісу» радиосының редакторы Аршын Айдынбекұлы иеленді. 2-орын «Жетісу» га­зетінің тілшісі Мәулен Әнер­­байға бұйырды. Сар­қан­дық жас ақын Самал Шең­гел­баева жүлделі 3-орын­нан кө­рінді. Сондай-ақ Ала­көл ауда­нындағы мектеп мұға­лімі Мақ­сат Деңгелбай мен І.Жан­сүгіров атындағы Жетісу уни­­верситетінің 2-курс бі­лімгері Әділ Құттыбаев ын­та­ландыру сыйлығына ие болды. Ал проза жанры бо­йын­ша 1-орынды жас жазушы Гүлден Жылкелдиева қан­жығасына байласа, екінші жүлдені талдықорғандық Ай­­герім Иебекова еншіледі. Және талапкер қаламгер Ол­жас Наурызбаевқа үшінші орын бұйырды.

Алматы облысы

Бөлісу:
Жас талантты самғатқан «Ақ қауырсын» · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар