Елордада бірнеше автобустың бағыты өзгерді
<p style="text-align: justify;">Астанада жол жөндеу жұмыстарына байланысты бірнеше қоғамдық көліктің жүретін бағыты өзгерді. Бұл жайында City Transportation Systems көлік компаниясының баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
Бүгіннен бастап жол жөндеу жұмыстары аяқталғанға дейін № 1 А, 18, 21, 52, 45, 28, 70, 37, 32, 44 бағдарларының қозғалыс сызбасы уақытша өзгереді. Бағдарлардың өзгерген қозғалыс сызбасымен мына сілтемеде таныса аласыздар.
Айта кетейік, Нұр-Сұлтанда күн жылынғалы жол жөндеу жұмыстары басталды.
Күні кеше № 5, 5А, 7, 12, 20, 21, 25, 31, 40, 71, 72 бағдарларының бағыты уақытша ауысты.
Жалпы осы уақытқа дейін елордада жол жөндеу жұмыстарына байланысты екі учаске жабылған болатын. Оның алдында екі көше жартылай жабылған.