Теннис
1 мин оқу 525
Жас теннисші Заңғар үздіктер қатарында
<p style="text-align: justify;">Қазақстандық жас теннисші Заңғар Нұрланұлы 14 жасқа дейінгілер арасында Еуропа рейтингісінде бес ай бойы көш бастап тұр, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
Қазақстан теннис федерациясы мәлім еткендей, Tennis Europe ұйымы биылғы күзде Монте-Карло қаласында өтетін Junior Masters жарысына орай жаңартылған рейтингті жариялады. Қазақстандық Заңғар Нұрланұлы 520 ұпаймен бірінші орында тұр. Дамир Жалғасбай 42-ден 34-орынға жоғарылады. Тағы бір қазақстандық Даниэль Тазабеков 44-сатыға жайғасты.
Қыздар арасында Софья Исакова үздік жүздікке енді. Ал Ева Корышева 560-тан бірден 328-орынға көтерілді.
Бөлісу: