Әлем
1 мин оқу 351

Мектептегі атыстан 19 адам қаза тапты

<p style="text-align: justify;">АҚШ-тың Техас штатындағы Ювалд қаласында бастауыш мектепте атыс болып, 19 адам қаза тапты, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> &laquo;BBC News&raquo; сайтына сілтеме жасап.</p>

Мектептегі атыстан 19 адам қаза тапты

Штат губернаторы Грег Эбботтың сөзінше, шабуылшы Сальвадор Ромас есімді 18 жасар жергілікті тұрғын. Тапанша мен AR-15 винтовкасын  қолданған қылмыскерге оқиға орнында тәртіп сақшылары оқ атты.

Жергілікті БАҚ-тың дерегінше, 18 оқушы мен 1 мұғалім қаза тапқан. Тағы 2 полиция қызметкері жараланып, ауруханаға жеткізілді. Қаскөйдің қылмыс жасау себебі анықталып жатыр.

АҚШ президенті Джо Байден қаза тапқандарды аза тұту белгісі ретінде Ақ үй мен басқа да қоғамдық ғимараттардың үстіндегі мемлекеттік туларды төмен түсіруді бұйырды.

Америкалық «Gun Violence Archive» ұйымның мәліметінше, мамыр айының өзінде осыған ұқсас 215 оқиға тіркелген.

Салтанат Кенжебай

Бөлісу:
Мектептегі атыстан 19 адам қаза тапты · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар