Парламент
1 мин оқу 230

Темекіге акциз кезең-кезеңімен көтеріледі - министр

<p style="text-align: justify;">2024 жылы темекіге акциз кемінде 28 евро деңгейінде белгіленуі тиіс. Бұл туралы Мәжілістің жалпы отырысында Салық кодексіне өзгерістер енгізу жөніндегі құжатты қарау кезінде Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров мәлім етті, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Темекі өнімдеріне салық салу саласына тоқталған министр:

«Еуразиялық экономикалық одақ аясында темекі өнімдеріне арналған акциздердің мөлшерлемелерін үйлестіру жөніндегі міндеттемелер қабылданды. 2024 жылы темекіге акциз кемінде 28 евро деңгейінде белгіленуі тиіс. Міндеттемелерді орындау үшін темекіге акциздерді кезең-кезеңімен көтеру ұсынылады», деді.

Оның айтуынша, темекі өнімдерінің басқа түрлері бойынша, соның ішінде қыздырылатын темекісі бар өнімдерге акциздерді кезең-кезеңімен ұлғайту ескерілген.

Бөлісу:
Темекіге акциз кезең-кезеңімен көтеріледі - министр · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар