Синоптиктер алдағы үш күннің ауа райын болжады
<p style="text-align: justify;">Қазгидромет мамандары Қазақстандағы 26, 27 және 28 мамырға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
Екатеринбург аймағынан шыққан Циклон, республика аумағы бойынша солтүстік-шығысқа қарай жылжуын жалғастырады және елдің солтүстік, орталық, оңтүстік аймақтарында тұрақсыз ауа райын сақтайды.
«26 мамырда солтүстік-батыста, 27-28 мамырда оңтүстік пен оңтүстік-шығыста, 28 мамырда орталықта найзағай мен желдің күшеюі, бұршақ жаууы мүмкін.
Солтүстік-батыс антициклонның басып кіруіне байланысты, батыста жауын-шашынның тоқтауы, қалған аумақтарда ауа температурасының төмендеуі күтіледі. 26 мамырда түнде және таңертең батыста, 27-28 мамырда солтүстік-батыста, солтүстікте топырақ бетінде 2 градусқа дейін аяз болуы мүмкін», делінген «Қазгидромет» хабарламасында.