Оқиға
1 мин оқу 233

Елордада ер адам учаскелік полиция қызметкерін соққыға жықты

<p style="text-align: justify;">Нұр-Сұлтанда ер адам учаскелік полиция қызметкерін соққыға жықты, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Елордада ер адам учаскелік полиция қызметкерін соққыға жықты

Әлеуметтік желіде елордада ер адам учаскелік полицеймен төбелесіп, оның қаруын иемденіп, тұрғын үйдің ауласында оқ атқаны туралы хабарлама пайда болды. Полиция департаменті бұл оқиғаның 20 мамырда болғанын айтты.

«Іс жүргізу барысында 29 жастағы  бұзақы тексеруге келген учаскелік полиция инспекторына физикалық қарсылық көрсеткен», деп атап өтті департамент өкілдері.

Билік өкіліне қызметтік міндеттерін орындауға байланысты күш қолдану фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Ер адам екі айға қамауға алынды.

Гүлдана Елубай

Бөлісу:
Елордада ер адам учаскелік полиция қызметкерін соққыға жықты · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар