Қазақстан
2 мин оқу 1,272

«Тәуелсіздік ұрпақтары» жобасы бастау алды

<p style="text-align: justify;">Елімізде жас қазақстандықтардың тәуелсіздік жылдарында жеткен кәсіби жетістіктерін дәріптеуді мақсат тұтқан &laquo;Тәуелсіздік ұрпақтары&raquo; жобасы бастау алды. Бұл жөнінде Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі хабарлады.</p>

«Тәуелсіздік ұрпақтары» жобасы бастау алды

Әлеуметтік жобаны Ақпарат және қоғамдық даму министрлі­гі­нің тапсырысы бойынша «Қазақ­стан­­дық даму қауымдастығы» заң­­­ды тұлғалар бірлестігі жүзеге асы­­ра­ды. Жобаға еліміздің әр өңі­рін­­­дегі жоғары сынып оқушы­ла­ры, колледж­дер мен жоғары оқу орын­дарының студенттері қатыса алады.

«Жоба аясында Тәуелсіздік жыл­дарында жетістікке қол жеткіз­ген қазақстандықтардың қатысуы­мен түрлі форматтағы іс-ша­ралар өткізілетін болады. Әр өңір­де «Дарын» мемлекеттік жас­тар сый­лығы лауреаттарының қаты­суы­­мен нетворкинг және тәжі­рибе алмасу, пікірталас алаң­дары құрылып, шеберлік сынып­тары, семинар-тренингтер ұйым­дасты­рылады», деді «Тәуелсіздік ұрпақтарының» мән-мақсатымен таныстырған жоба менеджері Эльвира Сәрсенәлиева.

Қыркүйекте «Тәуелсіздік ұрпақтары» жобасы аясында Нұр-Сұлтан, Шымкент, Алматы қалаларында «Болашақ Қазақстан – менің көзіммен» атты ТEDx конференциясы өтеді.

«Бұл іс-шара аясында жас­тар­дың ең белсенді self made өкіл­­дері мемлекеттің дамуы мен ма­ңыз­ды әлеуметтік мәселелер­ді шешу­ге қа­тысты өз көзқарас­тарын ұсы­нады», деп атап өтті Э.Сәрсенәлиева.

Жоба жетекшісінің айтуынша, әрбір ТEDx конференциядан кейін жастардың бір-бірімен танысуына, тәжірибе алмасуына, олардың бас­тамаларын талқылауға мүмкін­дік беретін нетворкинг кездесулер ұйым­дастырылмақ.

Сондай-ақ «Қазақстандық даму қауымдастығы» ЗТБ Жастар ресурс­тық орталықтарымен бірлесіп, «Шешендік өнер», «Қаржылық сауаттылық», «Тайм менеджмент», «Креативті индустрия», «Блог жүргізу», «Саламатты өмір салты» тақырыптарындағы офлайн шебер­лік сағаттарын өткізбек.

Сонымен қатар жоба ұйымдас­тырушылары қазақстандық талантты жастардың қатысуымен бейнеподкасттарды әзірлейтін болады.

«Тәуелсіздік ұрпақтары» жобасы туралы толық ақпаратты https://www.instagram.com/p/CdcatbPtblv/?igshid= MDJmNzVkMjY сілтеме арқылы алуға болады.

Бөлісу:
«Тәуелсіздік ұрпақтары» жобасы бастау алды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар