Референдум
2 мин оқу 912

Байқаушылардың рөлі басым

<p style="text-align: justify;">Партиялық емес байқау орталығының ұйытқы болуымен республикадағы байқаушыларға арналған оқу семинары өтті. Семинарға орталық филиалдарының төрағалары мен байқаушылары қатысты.</p>

Байқаушылардың рөлі басым

Қазіргі уақытта байқаушылар санын аймақтар бойынша нақ­ты­лау, тренингтер өткізу, оларға материалдар әзірлеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Партиялық емес байқау орталығының төрағасы Төлеген Күнәділовтің айтуынша, оқу семинарына қатысқандар 5 мау­сым күні өтетін референдумды, оның ішінде сайлау учаскелерінде байқау мен мониторинг жүргізуге атсалысады. «Референдумның айқын, әділ өтуін қамтамасыз ету үшін партиялық емес бай­қау­шылар үлкен рөл атқарады. Ол үшін байқаушылар өздерінің құқық­тары мен міндеттерін және заңнаманы білуі тиіс. Қазір байқаушылар арнайы оқытудан өтіп, білімін шыңдауда», деді орталық төрағасы.

Семинарға қатысушылар бай­қау­шылардың функциялары мен міндеттерін, сондай-ақ «Рес­публикалық референдум туралы» және «Қазақстан Респуб­ликасындағы сайлау туралы» заңдарының негізгі ереже­ле­рін талқылады. Іс-шара барысында байқаушылар сайлау орган­да­рының құзыреті, дауыс беру күні сайлау комиссиясының қыз­метін ұйымдастыру, қоғамдық бай­қау­шылардың құқықтары мен міндеттері, сондай-ақ олардың жұмыс істеу қағидаттары сынды мәселелерді қарады.

Осы бағытта қатысушыларға сайлау бойынша тәжірибелі маман, Орталық сайлау комиссиясының бұрынғы мүшесі Серік Сыдықов «Республикалық референдумдағы байқаушылардың өкілеттіктері, құқық­тары мен міндеттері» тақы­ры­бында дәріс оқыды. Спикер заң­дарда белгіленген байқау­шы­лардың құқықтары мен міндет­те­рінің негізгі сипаттамалары мен ерекшеліктерін толығырақ баяндады.

«Референдумда байқау­шы­лардың рөлі өте маңыз­ды. Олардың басты міндеті – про­цесті объективті түрде қада­ға­лап, әділ және адал өткізу­ге ықпал ету. Байқаушының не­гіз­гі функциясына дауыс беруге, сайлау учаскесінде дауыс беру қорытындыларын белгілеуге қо­ғам­­дық бақылауды қамтамасыз ету және азаматтардың сайлау құқықтарының сақталуын қада­­­ғалау жатады», деді Серік Сыдықов.

Семинар соңында референ­думға дайындық барысы тал­қыланып, сарапшылар қатысу­шы­лардың сұрақтарына жауап берді.

Бөлісу:
Байқаушылардың рөлі басым · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар