Білім
1 мин оқу 850

Балғындардың білім бәсекесі

<p style="text-align: justify;">Мемлекет басшысы жариялаған Балалар жылына орай Маңғыстау облысында балалар үшін бірқатар іс-шаралар белгіленген. Осы іс-шаралар аясында Маңғыстау облысының білім басқармасы &laquo;Дарын&raquo; облыстық қосымша білім орталығының іс-шаралар жоспарына сәйкес жалпы білім беру ұйымдарының &laquo;РобоМаңғыстау&raquo; ашық чемпио&shy;натының облыстық кезеңі түрлі пәндерді тереңдетіп оқытатын дарынды бала&shy;ларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-интернаты ғимаратында өткізілді.</p>

Балғындардың білім бәсекесі

Ашық чемпионаттың мақ­саты – роботты құрастыру және бағдарламалау бағы­тын­да дарынды оқушылар­ды анықтау, қолдау көрсету және білім саласында ғылым мен технологияның дамуына орай оқушыларды ғылыми ізденіспен айна­лысуға дағды­ландыру.

Ашық чемпионат 5-11-cы­нып оқушы­лары үшін «Робо-ГИД» жарысы, 1-4-cынып оқушылары үшін «Робо Боз жорға» және «Роботтардың арқан тартысы» жарыстары, 5-11-cынып оқушылары үшін «Робо-Аламан бәйге» жарысы аталымдарында өтті. Ал бар­лық сыныптар үшін «Үй көмек­шісі» тақырыбында шы­ғармашы­лық байқауы ұйым­дастырылды. Ашық чем­пионаттың облыс­тық ке­зе­­ңіне аудан, қала, облыс­­тық ма­мандандырылған мектептерден 49 оқушы қатысты.

Сондай-ақ Маңғыстау облысында бас­тауыш сынып оқушыларының облыс­тық олимпиадасы өтті. Бастауыш сынып оқу­шыларының білі­мі мен қабілетін анықтап, пән­ге қызығушылығын арт­тыру, бастауыш сынып оқу­шыларының олимпиадалық резервін жасақтау, дарынды балаларды қолдау және дамыту мақстаында өткен олимпиадаға қазақ тілінде және орыс тілін­де білім беретін мектептердің 2-4 сынып оқушылары қатысты. Олимпиадада әрбір оқушы 3 пән – математика, қазақ тілі мен ана тілі, дүниетану пән­дері бойынша тапсырма орындады.  Олимпиадаға 36 оқушы қатысып, 21 оқушы жеңімпаз атанды.

Маңғыстау облысы

Бөлісу:
Балғындардың білім бәсекесі · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар