Өнер
2 мин оқу 312

Тұлғалар бейнеленген композициялар

<p style="text-align: justify;">Елордадағы Ұлттық музейде Қазақстан Сурет&shy;шілер одағының мүшесі, белгілі қылқалам шебері Мұхтар Байбосынның XIX-XX ға&shy;сырда өмір сүріп, қазақ өнерінің мерейін асырған ай&shy;тулы тұл&shy;ғаларға арнал&shy;ған &laquo;Асыл мұра&raquo; атты жеке көр&shy;месі ашылды.</p>

Тұлғалар бейнеленген композициялар

Мазмұнды іс-шараның ашылуында Ұлттық музейдің ғылыми хатшысы Саялбек Гиззатов көр­менің маңызына тоқталды.

«Мұхтар Қайратұлы – халқы­мыздың дәстүрлі мәдениетін бейнелеу өнері арқылы таныс­тырып келеді. Оның ұлағатты ұстаз ретінде өнерлі жастардың биікке самғауына атсалысып жүрген еңбегі де ерен. Бүгінгі көрмеде суретші қазақтың бір­туар ақындары мен дәулескер күйшілерінің бейнелік образдары мен сюжеттік әңгімелерін қамтыған портреттік композицияларын ұсынып отыр. Сондықтан аталған өнер туындылары талғампаз көрер­меннің жүрегінен орын алатынына сенім­дімін», деді ол.

Көрмеге қылқалам шеберінің ұлттық өнеріміздің тарихында есімдері мәңгілік қалған Ақан сері, Біржан сал, Естай Бер­кім­баев, Жаяу Мұса, Мұхит Мер­әліұлы, Әсет Найманбайұлы, Үкілі Ыбырай, Дина Нұрпейісова, Ке­нен Әзірбаев, Нартай Беке­жанов, Майра Уәлиқызы секілді бірегей өнер иелерінің пор­треттік композициялары қойылды. Бұл картиналардың бәрі кескіндеме және графикалық үлгіде салынған. Суретші әр жұ­мы­сында детальға ерекше мән бе­ріп, тұлғаларды көркем бейнелеген. Ондағы бояу­лардың түсі ғана емес, шы­найылығы да көз тартады.

Сондай-ақ іс-шара аясында көрнекті әнші, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Қайрат Байбосынов көрмеге ұсынылған таланттар өмірінен мазмұнды әңгіме айтып, суретшінің ең­бегіне жоғары баға берді. Басқа да сөз алған азаматтар қылқалам ше­бе­рінің шығармашылығы жайын­да парасатты ой өрбітті.

Көрме соңында Мұхтар Бай­босын: «Өнер адамының сыншысы – халық. Өнерімді ба­ғалап келгендеріңіз мен үшін  үлкен мәртебе, зор қуаныш. Сон­дықтан бәріңізге де алғы­сымды айтамын», деп жиналған­дарға ризашылығын білдірді.

 

Еркеназ Қордабай,

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің 2-курс студенті

Бөлісу:
Тұлғалар бейнеленген композициялар · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар