Спорт
1 мин оқу 360

Бесінші орынға көтерілді

<p style="text-align: justify;">Бір күндік үзілістен кейін &laquo;Джиро д&rsquo;Италия&raquo; көпкүндігі қайта жалғасты. Жарыс&shy;тың 15-кезеңі Апеннин түбе&shy;гінің солтүстігінде орналасқан Лом&shy;бар&shy;дия өңірінде өтті.</p>

Бесінші орынға көтерілді

202 шақырымдық қашықтықта Intermarché - Wanty - Gobert Matériaux сапындағы чехиялық велошабандоз Ян Хирт шашасына шаң жұқтырмады. Ол мәреге 5 сағат 40 минут 45 секундта жетті. Екінші орындағы нидерландтық Тимен Аренсман (Team DSM) одан жеті секунд қалып қойды. Үшінші орынды аустралиялық Джей Хиндли (BORA – hansgrohe) иеленді. «Астананың» жігіттері арасында ең үздік нәтижеге Винценчо Нибали қол жеткізді. Мәреге жеңімпаздан 2 минут 6 секундтан кейін жеткен ол тоғызыншы орынға табан тіреді.

Жалпы есепте эквадорлық Ричард Карапас (INEOS Grenadiers) әлі де алда келеді. Екінші және үшінші сатыға аустралиялық Джей Хиндли (BORA-hansgrohe) мен португалиялық Жоау Алмейда (UAE Team Emirates) жайғасты. Өткен турдағы табысының арқасында Винченцо Нибали үш сатыға жоғарылап, қазіргі кезде бесінші орынды еншілеп отыр.

Бөлісу:
Бесінші орынға көтерілді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар