Қазақстаннан Грекияға жаңа әуе рейсі ашылады
<p style="text-align: justify;">1 маусымнан бастап Қазақстаннан Грек Республикасы арасында жаңа әуе рейсі ашылады, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> Азаматтық авиация комитетіне сілтеме жасап.</p>
«ИИДМ Азаматтық авиация комитеті мен Грек Республикасының авиация саласында жүргізілген жұмыс қорытындысы бойынша 2022 жылғы 1 маусымнан бастап Air Astana әуекомпаниясы Нұр-Сұлтан – Ираклион – Нұр-Сұлтан (дүйсенбі, сәрсенбі, жұма) және Алматы – Ираклион – Алматы (сейсенбі, бейсенбі, сенбі) бағыттары бойынша әр бағытта аптасына 3 рейс жиілігімен рейстерді орындауды жоспарлап отыр», делінген хабарламада.
Рейстер санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтай отырып, әуекомпания сайтында жарияланған кестеге сәйкес А-321NEO ұшағымен орындалады.