Аймақтар
1 мин оқу 352

Жамбылда қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған қару-жарақтар табылды

<p style="text-align: justify;">Жамбылдық полицейлер екі күн ішінде төрт қару, граната және 40 патрон тапты, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;Polisia.kz-ке сілтеме жасап.</p>

Жамбылда қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған қару-жарақтар табылды

Жамбыл облысы Полиция департаментінің қызметкерлері жаппай тәртіпсіздік барысында ұрланған қарудың орналасқан жерін анықтау бойынша күн сайын іздестіру жұмыстарын жүргізуде. Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде полиция қызметкерлері облыс орталығының аумағында төрт қару, екі граната, патрон, электрошокер, штық-пышақ тауып, тәркіледі.

Табылған қарулар арасында оқжатары бар Калашников автоматы, ТОЗ-БМ екі ұңғылы аңшылық мылтығы, EKOL Special 99 травматикалық тапаншасы, Макаровтың тапаншасының оқжатары, ГСЗ екі граната, ЭШУ-200 екі электршокері, штык-пышақ, 9 мм калибрлі 40 патрон, бос калибрі 16 мм гильзалар табылды.

Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 287-бабы 3-бөлігі (Қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттар мен жарылғыш құрылғыларды заңсыз сатып алу, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Табылған қаруларға сот-баллистикалық сараптамасы тағайындалды.

Аяна Тоғанбек

Бөлісу:
Жамбылда қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған қару-жарақтар табылды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар