Футбол
1 мин оқу 186

Алғашқы жеңімпаз анықталды

<p class="2018-" style="text-align: justify;">Италияның &laquo;Рома&raquo; клубы былтыр жазда тұсауы кесілген футболдан Конференция лигасының алғашқы жеңімпазы атанды. Римдіктер финалда Нидерландтың &laquo;Фейеноорд&raquo; клубынан 1:0 есебімен басым түсті.</p>

Алғашқы жеңімпаз анықталды

Албанияның бас шаһары – Тира­надағы «Эйр Албания» стадионында ұйым­дастырылған кездесуде матч тағ­дырын Николо Дзаньолоның жалғыз голы шешіп кетті. Осылайша, Римнің «Рома» клубы Еурокубок тарихындағы жаңа тур­нирдің алғашқы жеңімпазы атанды. Бұл – «Романың» 1961 жылғы «Жәрмеңке кубогынан» (қазіргі Еуропа лигасы – ред.) кейін жеңіп алған алғашқы ірі жетістігі. Ал «Фейеноорд» өз тарихында бір рет Еуропа чемпиондар кубогы (қазіргі Чемпиондар лигасы – ред.) мен екі рет УЕФА кубогында (Еуропа лигасы) топ жарған.

Конференция лигасының алғашқы мау­сымында Қазақстанның «Қайрат» клубы топтық кезеңге дейін жетіп, бірде-бір ойында жеңіске жете алмай, өз квартетінде соңғы орында қалып қойған болатын.

Бөлісу:
Алғашқы жеңімпаз анықталды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар