Әлем
1 мин оқу 221
Рио-де-Жанейродағы полиция операциясынан 21 адам қаза тапты
<p style="text-align: justify;">Бразилияның Рио-де-Жанейро қаласында полицияның есірткі саудасымен күрес операциясы барысында 21 адам қаза тауып, төртеуі жараланды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz.</a></p>
Оқиға Вила-Крузейро шағын ауданында болған. Қаланың ең ірі қылмыстық тобы құқық қорғау органдарына қарулы қарсылық көрсеткен. Салдарынан 11 қылмыскердің көзі жойылып, 41 жастағы әйелге кездейсоқ оқ тиген, қалған 9 мәйіт танылған жоқ.
Операция барысында жергілікті есірткі саудагерлері пайдаланған 11 мылтық, төрт тапанша мен граната, сондай-ақ ірі көлемдегі есірткі заттары, 10 автокөлік пен 20 мотоцикл тәркіленді.
Салтанат Кенжебай
Бөлісу: