Әлем
1 мин оқу 420

Мұнай тиелген 17 вагон өзенге құлады

<p style="text-align: justify;">АҚШ-тың Пенсильвания штатында пойыз рельстен шығып кетті, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz.</a></p>

Оқиға бойынша мұнай тиелген пойыз жүк көлігімен соқтығысып, салдарынан 17 вагон Аллегейни өзеніне құлаған. Теміржол көлігінің Norfolk Southern компаниясына тиесілі екені анықталды. Жүк көлігі мен пойыз жүргізушілері ауруханаға жеткізілді. Дәрігерлердің айтуынша өмірлеріне төніп тұрған қауіп жоқ.

Төтенше жағдай министрлігі жол бойын тазалау жұмыстарының жүргізілетінін айтып, тұрғындарға бұл аймақтан айналып өту қажеттігін ескертті.

Салтанат Кенжебай

Бөлісу:
Мұнай тиелген 17 вагон өзенге құлады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар