Қазақстан
1 мин оқу 403

Елдегі қылмыс жасағандардың 80 пайызы жұмыссыздар

<p style="text-align: justify;">Осы жылдың қаңтар-сәуір айларында мемлекет бойынша 20 мың қылмыстық құқықбұзушылық тіркелген, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;Finprom.kz&nbsp;сайтына сілтеме жасап.</p>

Бұл көрсеткіш былтырғыға қарағанда 1,9%-ке азайған.

Оның ішінде 3,8 мың адам қылмыс жасаса, 7,2 мың адам – орташа ауырлықтағы қылмыс, 5,4 мың адам – ауыр қылмыс, 3,1 мың адам – жеңіл қылмыс, 459 адам аса ауыр қылмыс жасаған.

Өңірлік бөліністе қылмыскерлердің басым бөлігі Алматы облысында (2,4 мың адам) екендігі анықталған. Сондай-ақ антилидерлер үштігіне Алматы (2,3 мың адам) және Нұр-Сұлтан (1,7 мың адам) қалалары кіреді.

Қылмыскерлердің ең азы Қызылорда облысында тіркелген: 436 адам, бір жыл бұрын 466 адам болған.

Қылмыскерлер санының көбеюі бойынша Солтүстік Қазақстан облысы (10,9%-ке өскен), азаюы бойынша Жамбыл облысы (15,2%-ке кеміген) алда келеді.

Қылмыскерлердің 79,2% немесе 15,8 мыңы – жұмыссыздар. Олардың саны бір жылда 3,3%-ке қысқарған. Ал қалған 1,4 мың тәртіп бұзушы – жұмысшы, 381-і – мемлекеттік қызметкер, 339 адам – білім алушы, 261 адам – жеке кәсіпкер екені белгілі болды.

Бөлісу:
Елдегі қылмыс жасағандардың 80 пайызы жұмыссыздар · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар