Ақтөбе облысында жол апатынан екі адам қаза тапты
<p style="text-align: justify;">Ақтөбе облысында жантүршігерлік жол апатынан екі адам қаза тапты, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.</p>
27 мамырға қараған түні Хромтау аудандық ПБ кезекші бөліміне Хромтаудан 75 шақырым жерде жол-көлік оқиғасы болғаны туралы хабарлама түскен.
24 жастағы Nissan Teana жүргізушісі Аққұдық ауылы маңында жол ережесін бұзып, қарсы қозғалыс жолағына шығып кеткен. Осылайша, Хромтау ауданының 44 жастағы тұрғыны тізгіндеген ВАЗ-2115 көлігімен соқтығысқан. Жол апаты салдарынан оқиға орнында ВАЗ-2115 көлігінің жүргізушісі мен жолаушысы қайтыс болған. Сонымен қатар Nissan Teana көлігінің жүргізушісі мен ВАЗ-2115 автокөлігінің үш жолаушысы Хромтау қаласының орталық аудандық ауруханасына жеткізілген.
Бұл дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 4-бөлігі «Көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы» бойынша соталды тергеу басталды. Сараптама тағайындалды.