Елорда
1 мин оқу 215

Елордада велосипедшілер шеруі өтеді

Ертең елордада жаңа веломаусымның ашылуына орай велосипедшілер шеруі өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz қала әкімдігіне сілтеме жасап.

Шараға тілек білдірген барлық азамат қатыса алады. Қатысушыларға екі түрлі дистанция ұсынылады:

- кіші қашықтық – 3 км. Шеру Үркер (Ильинка) елді мекенінің «Жасыл белдеу» саябағында басталып, осы жерде мәреге жетеді;

- үлкен қашықтық – 20 км. Шеру айналма жолдағы велотрассадан (Қосшы қаласына қарай жол бойында) басталып, Үркер (Ильинка) елді мекенінің «Жасыл белдеу» саябағында аяқталады.

Қатысуға ниет білдірушілерді тіркеу 28 мамыр күні сағат 09:00-ден 09:30-ға дейін жалғасады.

Басталу уақыты – сағат 10:00. Әкімдік мәліметіне сәйкес, велошеру спорттық жарыс саналмайды. Басты мақсат - салауатты өмір салтын насихаттау және азаматтарды дене шынықтырумен, яғни велоспортпен белсенді шұғылдануға тарту.

Бөлісу:
Елордада велосипедшілер шеруі өтеді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар