Аймақтар
1 мин оқу 654

Алматыда кітап жәрмеңкесі өтеді

<p style="text-align: justify;">2022 жылдың 28-30 мамыр аралығында Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі мен Алматы қаласының әкімдігі бірлесіп ұйымдастырған халықаралық &laquo;Алматы кітап жәрмеңкесі&raquo; өтеді, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

«Алпысқа тарта баспа мекемелері мен кітап дүкендері қатысатын жәрмеңке аясында түрлі мәдени іс-шаралар, басқосулар, тұсаукесерлер және балаларға арналған қызықты интеллектуалдық ойындар мен қойылымдар жоспарланған», делінген Ұлттық мемлекеттік кітап палатасының хабарламасында.

Жәрмеңкенің салтанатты түрде ашылу рәсіміне Мәдениет және спорт министрі, Алматы қаласының әкімі, белгілі қаламгерлер, мәдениет қайраткерлері қатысады.

Жәрмеңке Шевченко – Пушкин көшелерінің қиылысындағы Шоқан Уәлиханов атындағы алаңда сағат 10:00 – 20:00 аралығында өтеді.

Бөлісу:
Алматыда кітап жәрмеңкесі өтеді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар