Теннис
1 мин оқу 230

Ролан Гаррос турнирі: Александр Бублик ширек финалға шыға алмады

Қазақстандық Александр Бублик жұптық сында Ролан Гаррос турнирінің ширек финалына шыға алмады, деп хабарлайды Egemen.kz.

А.Бублик аустралиялық Танаси Коккинакиспен бірге үшінші айналымда хорватиялық Иван Додиг - америкалық Остин Крайчекпен күш сынасты.

Бір сағат 15 минутқа созылған кездесуде хорватиялық-америкалық жұп 6:3, 6:2 есебімен жеңіске жетті. Олар 6 эйспен бірге 13 брейк-пойнттың үшеуін пайдалана білді. Қазақстандық-аустралиялық жұп 6 эйспен ғана көзге түсті.

И.Додиг пен О.Крайчек жартылай финалға шығу үшін жарыстың бірінші ракеткалары, америкалық Раджив Рам - ұлыбританиялық Джо Сэлисберимен таласады.

Осылайша Франция ашық чемпионатында Қазақстанда жекелей сында Елена Рыбакина ғана қалды.

Бөлісу:
Ролан Гаррос турнирі: Александр Бублик ширек финалға шыға алмады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар