Оқиға
1 мин оқу 435
БҚО-да жасөспірім Жайық өзеніне батып кетті

Батыс Қазақстан облысында жасөспірім Жайық өзеніне батып кетті, деп хабарлайды Egemen.kz.

БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, оқиға 28 мамыр күні Ақжайық ауданы Алмалы ауылында болды. Сағат 18.00-де ауылдан 3 шақырым жердегі Жайық өзенінде шомылуға тыйым салынған жерде алдағы айда 15 жасқа толатын ер бала батып кетті.
Кешеден бері іздестіру жұмыстары жүргізіліп, марқұмның денесі 29 мамыр күні сағат 07.00-де оқиға болған жерден 50-60 шақырым қашықтан табылып, судан шығарылды.
Бөлісу: