Әлем
1 мин оқу 231

Непалда жолаушылар ұшағы радардан жоғалып кетті

<p style="text-align: justify;">Непалда бортында 22 адамы бар ұшақ жоғалып кетті. Бұл туралы Kathmandu Post газеті жазды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Непал азаматтық авиация басқармасының мәлімдемесіне сәйкес, ұшақ Покхара әуежайынан 9:55-те ұшып кеткен, ал байланыс 10:07-де жоғалды. Ұшақты іздеу үшін тікұшақ жіберілді, бірақ ауа райының қолайсыздығына байланысты операция әзірге тоқтап тұр. 

«Жергілікті тұрғындар ұшақты соңғы рет көрген ауданда елді мекендер жоқ. Ауа райы жақсарғаннан кейін тікұшақ әуе операциясын бастайды», деді жергілікті билік өкілі Чиранжиби Рана.

Экипаж құрамына үш адам кіреді. Жолаушылар арасында 16 непал, төрт үнді, екі неміс бар.

Бөлісу:
Непалда жолаушылар ұшағы радардан жоғалып кетті · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар