Елорда
1 мин оқу 360

Аула клубтары арасында турнир өтеді

<p style="text-align: justify;">1 маусым - Халықаралық балаларды қорғау күні және &laquo;Балалар жылы&raquo; аясында Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің &laquo;Астана жастары&raquo; коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен Нұр-Сұлтан қаласы бойынша жұмыс істейтін 26 аула клубы тәрбиеленушілерінің қатысуымен спорттық және шығармашылық бағыттар бойынша турнир өтеді, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz.</a></p>

Турнир аясында ағымдағы жылдың 30 мамырында Аққұм, 17 мекенжайы бойынша орналасқан «Ақжол» аула клубында тоғызқұмалақ, арқан тарту, футбол және т. б. спорт түрлері бойынша турнирлер мен концерттік іс-шаралар ұйымдастырылады.

Жобаға белгілі қоғам қайраткерлері, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, қалалық мәслихат депутаттары, сондай-ақ белгілі спортшылар қатысады деп жоспарланған.

Сонымен қатар Жалпыұлттық Республикалық Референдумды қолдау мақсатында Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Астана жастары» КММ волонтерлары мен қызметкерлері елорда тұрғындары арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізуді және ақпараттық буклеттер таратуды жоспарлап отыр.

Бөлісу:
Аула клубтары арасында турнир өтеді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар