Оқиға
1 мин оқу 250

Павлодар облысында 7 адамның өліміне қатысты тергеу басталды

<p style="text-align: justify;">Павлодар облысында 7 адамның өліміне қатысты істі тергеу басталды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> Pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.</p>

Өлімге әкелген белгісіз сұйықтық қалдықтарына сараптама тағайындалды.

«Полиция анықтағандай, 26 мамырда Ертіс ауылының тұрғындары белгісіз сұйықтықты тұтынып, салдарынан жеті адам көз жұмған. Сот-медициналық сараптамалар тағайындалды. Сұйықтықтың шыққан жері белгісіз, Ертіс ауданының тұрғынынан алынған ыдыста сақталғаны анықталды», деп хабарлады Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінде.

Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 306-бабы 3-бөлігі (Абайсызда адам өліміне әкеп соққан, қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін тауарларды шығару немесе сату, қызметтерді орындау, қызметтер көрсету) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Еске сала кетейік, Павлодар облысында белгісіз заттан 7 адам уланып қалды. Алдымен 5 адам қайтыс болды. Кейін ауруханаға жеткізілген тағы 2 науқас көз жұмды. Олардың барлығы Ертіс ауданы тұрғынының үйінде бір ыдыста сақталған (шығу тегі белгісіз) сұйықтықты ішкені анықталды.

Бөлісу:
Павлодар облысында 7 адамның өліміне қатысты тергеу басталды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар