Білім
1 мин оқу 620

Халықаралық олимпиада жеңімпаздары грантқа ие болады

<p style="text-align: justify;">Халықаралық пәндік олимпиадалардың, спорттық жарыстардың және әлемдік деңгейдегі шығармашылық байқаулардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері ҰБТ тапсырмай-ақ ЖОО-ға грантқа түсуге мүмкіндік алды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов тиісті бұйрыққа қол қойды.

«Халықаралық олимпиадалардың, спорттық және шығармашылық байқаулардың тізбесін бекіту туралы бұйрыққа қол қойдым. Бүгін Білім және ғылым министрлігі Дүниежүзілік гимназиада – 2022-нің жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттау рәсімін өткізеді. Оқушыларымыз әлемнің 70-тен астам елінен келген жасөспірімдерді басып озып, 86 медаль жеңіп алды. Осылайша ұлттық құрамамыз ІІІ орынды иеленген болатын. Енді олар бірінші болып ЖОО-да оқу үшін гранттар алады. Жас дарындар Мемлекет басшысының шешімі арқасында осындай қолдауға ие болып отыр», деп жазды министр әлеуметтік желідегі парақшасында.

Бөлісу:
Халықаралық олимпиада жеңімпаздары грантқа ие болады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар