Спорт
1 мин оқу 190
Ислам Усейнов нысана көздеуден әлем кубогының жүлдегері атанды
<p style="text-align: justify;">Қазақстандық мерген Ислам Усейнов нысана көздеуден әлем кубогының қола жүлдесін жеңіп алды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> Olympic.kz-ке сілтеме жасап.</p>
Әзірбайжан астанасы Бакуде нысана көздеуден әлем кубогы өтіп жатыр.
10 метрден пневматикалық мылтықтан көздеп ату бойынша отандасымыз Ислам Усейнов жүлдегерлер қатарынан көрінді. Жарыс нәтижесі бойынша 260.5 ұпай еншілеп, жарыстың үшінші орынына ие болды.
Айта кетсек, хорватиялық Миран Маричич жеңімпаз атанса, сербиялық Лазар Ковачевич күміспен күптелді.
Бөлісу: