Оқиға
1 мин оқу 230

БҚО-да оқушылар зират ескерткіштерін қиратып кеткен

<p style="text-align: justify;">Батыс Қазақстан облысында бастауыш сынып оқушылары зират ескерткіштерін қиратып кеткен,&nbsp; деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz.</a></p>

БҚО-да оқушылар зират ескерткіштерін қиратып кеткен

БҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің өкілі Дариға Мәжитованың айтуынша, Бәйтерек ауданы Трекин ауылындағы православ зиратындағы ескерткіш белгілерді қиратқан 1 және 2-сынып оқушылары болып шыққан.

«Қазір олардың саны нақтыланып жатыр. Балаларға қатысты мәселе кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі комиссияда қаралады», деді Дариға Мәжитова.

Айта кетейік, БҚО-да белгісіз біреулер бейіттегі ескерткіш белгілерді қиратып кеткен болған. Олар барлығы 14 белгіні қиратып, бүлдірген.

Гүлдана Елубай

Бөлісу:
БҚО-да оқушылар зират ескерткіштерін қиратып кеткен · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар