Ауа райы
1 мин оқу 252

Синоптиктер алдағы үш күннің ауа райын болжады

<p style="font-weight: 400; text-align: justify;">&laquo;Қазгидромет&raquo; синоптиктері 31 мамыр мен 1-2 маусымдағы ауа райын болжады, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

«Жылудың артынан жаңбыр келеді. Мамырдың соңғы күні Қазақстан аумағының басым бөлігі Сібірдің үстіндегі циклон жырасының ықпалында болады - найзағай ойнап, оңтүстік-шығыста қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл болады. Республика бойынша жел күшейеді», делінген хабарламада.

Алайда метеорологтар 1 маусымда Батыс Қазақстанға Солтүстік антициклон әсер ете бастайтынын, ол республика аумағы арқылы шығыс бағытқа ауыса отырып, жауын-шашынның біртіндеп тоқтауына және температураның көтерілуіне алып кетелітінін айтты.

«1-2 маусымда еліміздің батысында, солтүстік-батысында, солтүстігінде, орталығында түнгі және таңертеңгі сағаттарда топырақ бетінде 2 градусқа дейін үсік жүреді деп болжанады», дейді синоптиктер.

Бөлісу:
Синоптиктер алдағы үш күннің ауа райын болжады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар