Қазақстан
1 мин оқу 501

Мамонттың сүйегі табылды

<p style="text-align: justify;">Қостанай қаласына кіреберіс көпірге жақын орналасқан &laquo;Каньон&raquo; жазғы демалыс орнындағы көлдің табанынан мамонттың жартылай сынған жауырын сүйегі табылды. Жергілікті ғалымдар сүтқоректілердің жойылып кеткен түріне жататын жануардың сүйегі ғылыми маңызы бар аса құнды дүние екенін айтып отыр.</p>

Мамонттың сүйегі табылды

Тобыл өзеніне тиіп тұрған демалыс аумағындағы тайы­з көл тартыла-тартыла биыл мүлде құрғап қалыпты. Ал жаздың ыстығында шомылатын тұнық суы болмаса, демалушылардың бұл жерге келу-келмеуі екіталай. Сондықтан нысан иесі Юрий Пирогов су шығып қалар де­ген үмітпен көлдің түбін те­рең­дете бастапты.

– Бұл жер бұрын құм карьері болған. Суға жету үшін көл­дің табанын қазу керек болды. Жұмыс істеп жатқан экскаватордың кү­регі бір кезде құм астынан үл­кен сүйекті алып шықты. Кептіріп, тазалап жуып, өзі­мізше зерттеп көріп едік, ешбір жануардың сүйегіне ұқ­сата алмадық. Сосын аса ірі ежелгі мақұлықтікі болар деп ұйғардық. Кейін сұрастырып көріп едік, мамандар мамонттың жауырын сүйегінің сынығы екенін айтты, – деді демалыс орнының қожайыны.

р

Кәсіпкер тосыннан та­был­ған олжасын облыстық т­а­рихи-өлкетану музейіне тап­с­ырмақ. Музейдегі ғылыми қыз­меткерлердің айтуынша, мамонт сүйегі Тобыл өзенінің арнасымен әлдеқайдан ағып келуі ғажап емес.

«Бірақ ауыр сүйектер ма­монт өлген жерден ұзап кет­пейді. Ал жеңіл сүйектерін өзен арнасы алысқа ағызып әке­теді. Жануардың жауырыны салмақты болғандықтан, ма­­монттың қалған ірі сүйек­тері де жақын маңда жатуы мүмкін», дейді мамандар.

р

ҚОСТАНАЙ

Бөлісу:
Мамонттың сүйегі табылды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар