Аймақтар
2 мин оқу 174

Мәслихаттардың ықпалы артады

<p style="text-align: justify;">Мәжіліс депутаттары Айгүл Нұркина, Вера Ким Павлодар облысы Екібастұз қаласындағы &laquo;Восточный&raquo; көмір өндіру кәсіпорнының ұжымымен кездесті.</p>

Мәслихаттардың ықпалы артады

Депутаттар алдағы референдумның маңыздылығы мен Конституцияға енгізілген негізгі түзетулер туралы айтып, қоғамды толғандырған мәселелерді талқылады.

–  Мемлекет басшысы ұсынған референдум өткізу бастамасы азаматтардың мемлекеттік басқаруға қатысуды кеңейту және саяси процестерді терең демократияландыру туралы сұранысынан туын­дады. Осындай әлеуметтік маңызы бар міндеттерді іске асыру үшін консти­туциялық реформа қажет. Мәжіліс пен облыс­тық мәслихаттардың депутаттарын сайлаудың аралас мажоритарлы-про­порционалды моделі енгізіледі. Мәс­ли­хаттардың ықпалы артады.  Бұл қадам сайлаушылардың көзқарастары мен пікір­лерін барынша толық қамтуға мүм­кін­дік береді, – деді Айгүл Нұркина.

Өз кезегінде Мәжіліс депутаты Вера Ким адам құқықтарын қамтамасыз етуге қатысты түзетулер туралы түсіндірді.

– Құқық қорғау саласында елеулі өз­геріс­тер енгізілетін болады. Атап айт­қанда, Конс­титуциялық сот құрылады. Адам құқық­тары жөніндегі уәкіл, яғни омбуд­смен мәр­тебесі Ата Заңмен айқын­далады. Мұның бәрі азаматтардың құқықтары мен бостандық­тарын қорғау үшін жасалуда, – деді депутат.

«Восточный» көмір кенішінің жұ­мыс­шылары елдегі өзгерістерге оң көз­қараспен қарайтындарын айтып, саяси науқанға қатысуға дайын екендіктерін жеткізді.

–  Президент ұсынған конституциялық реформалар бүкіл елдің болашағы үшін маңызды, сондықтан оған белсенді атса­лысқан жөн. Біз отбасымызбен рефе­рен­думға бірге барамыз, –  деді кеніш қызметкері Виктор Носенко. 

Алдағы уақытта депутаттардың сапарлары Конституцияға енгізілетін өз­геріс­­тер мен түзетулерді түсіндіріп, халық­ты рефе­­рендумға қатысуға шақыру мақ­сатын­да аудан­дар мен шалғай ауылдарда жалғасатын болады.

Павлодар облысы

Бөлісу:
Мәслихаттардың ықпалы артады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар