Аймақтар
1 мин оқу 310

Ел дамуының жаңа кезеңі

<p style="text-align: justify;">Парламент Мәжілісінің депутаты Еділ Жаңбыршин Маңғыстау өңіріндегі сапары барысында теміржолшылармен кездесті.</p>

Ел дамуының жаңа кезеңі

Депутаттың айтуынша, жүрегі елім, жерім, халқым деп соғатын әрбір азамат конституциялық өзгерістерді талқылауға белсене араласып, референдумға қаты­сып, өз таңдауын жасауы керек.

Теміржолшылар өздерін толғандырған сұрақтарды алға тартып, Ата Заңға енгізі­летін өзгерістердің жекелеген баптары бойынша ортақ пікірлерін айтты.

Осы күні Мәжіліс депутаты Әлия Әбсе­метова Жамбыл ауданы Ақсеңгір ауылы­ның тұрғындарымен кездесті.

Депутаттың пікірінше, референдум өт­кізу  – халыққа деген сенімнің, азаматтарды мем­лекеттік басқару ісіне кеңі­нен тарту­дың айқын белгісі. Өз кезегін­де Ақсеңгір ауыл­дық округі ақсақалдар кеңесінің төраға­сы Тұрсынғали Сарыбаев Қазақ­станның болашағын айқындайтын, ойымызды ашық жеткізуге мүмкіндік беретін референдумды толық қолдаймыз деген пікір білдірді.

Сондай-ақ Мәжіліс депутаты Дмитрий Колода осы күні Солтүстік Қазақстан облы­сы­­на барып, Петропавл қаласында зауыт жұ­мыс­шылармен кездесіп, Конс­титуциялық реформа төңіре­гінде мазмұнды әңгіме өрбітті.

С.Киров атындағы зауыт – көне кәсіп­орын­дардың бірі. Заманауи техникалық құралдарды өндіреді. Кәсіпорында 500 адам еңбек етеді, олар консти­ту­ция­лық түзету­лермен толық­тай танысқандарын және қолдай­тындарын айтып, референдумға қызығушылық танытты.

Аймақтарға сапар барысында депутаттар референдум Қазақстан дамуының жаңа кезеңіндегі тарихи оқиға екенін айтып, ел тұрғындарын белсене қатысуға шақырды.

Бөлісу:
Ел дамуының жаңа кезеңі · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар