Спорт
1 мин оқу 215

Қорытынды – екі жүлде

<p class="2018-">АҚШ-тың Юджин қаласында ұйым&shy;дастырылған жеңіл атлетикадан &laquo;Гауһар лигасының&raquo; үшінші кезеңі мәре&shy;сіне жетті. Жарты ғасырға жуық тарихы бар Prefontaine Classic бәсе&shy;кесінде Қазақстан құрамасы бір алтын, бір қола медаль жеңіп алды.</p>

Қорытынды – екі жүлде

Бұған дейін жазғанымыздай, жарыстың алғашқы күнінде биіктікке секіру бәсекесінде На­дежда Дубовицкая 1,93 метр нәтижесімен қола жүлде иеленген болса, екінші жарыс күнінде үш шақырымға кедергілер арқы­лы жүгіруде қазақстандық Altai Athletics клубының спортшысы, шыққан тегі кениялық Нора Джеруто топ жарды. Ұлттық құрама көш­басшысының уақыт көрсеткіші – 8.57.97. Норадан кейін мәре сызығын бахрейндік Винфред Мутиле Яви мен эфиопиялық Мекидес Абебе Демевоз кесті.

Сондай-ақ бес шақырымдық жарыста Дейзи Джепкемей 7-ші (14.52.64), Каролина Кипкируи 8-орынға (15.05.68) жайғасты. Айта кетейік, «Гауһар лигасының» үшінші кезе­ңінде Қазақстан құрамасы сапында алғаш рет 4 атлетіміз өнер көрсетті.

Бөлісу:
Қорытынды – екі жүлде · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар