Хоккей
1 мин оқу 200

Финляндия – чемпион!

<p class="2018-" style="text-align: justify;"><span style="letter-spacing: -.2pt;">Финляндияның астанасы &ndash; Хель&shy;синки мен Тампере қаласында ұйымдас&shy;ты&shy;рылған шайбалы хоккейден элита&shy;лы дивизионның әлем чемпионаты мә&shy;ресіне жетті. Финалда жарыс қо&shy;жайын&shy;дары Канададан басым түсті &ndash; 4:3.</span></p>

Финляндия – чемпион!

Тампереде өткен Финляндия мен Канада хоккейшілері арасындағы финалдық кезеңнің негізгі уақыты 3:3 есебімен тең аяқталды. Овертаймда мықтылық танытқан Суоми елінің өкілдері өз жерлерінде өткен әлем чемпионатында бас жүлдені жеңіп алды. Матч барысында мұзайдын иелерінен Микаэль Гранлунд (45 және 46-минут), Йоэль Армия (55) және Сакари Маннинен (67) мергендігімен көзге түссе, Канада сапынан Дилан Козенс (25), Зак Уайтклауд (58) және Максим Комтуа (59) шай­ба соқты. Осылайша, Финляндия құра­масы өз тарихында төртінші мәрте әлем чем­пионы атанса, Канада 16 мәрте финалда жеңілді.

Ал үшінші орын үшін өткен сайыста Чехия хоккейшілері АҚШ құрамасын 8:4 есебімен жеңді.

Бөлісу:
Финляндия – чемпион! · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар