Аймақтар
1 мин оқу 220

Алматыда дауылды ескерту жарияланды

<p style="text-align: justify;">Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаменті қалада 31 мамыр мен 2 маусым аралығында қатты жаңбыр жауады деп ескертті, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

«Нөсерлі жауын-шашын болжамына байланысты 31 мамыр мен 2 маусым аралығында Алматының таулы аймақтарында ағынды сулардың пайда болуы және өзендердегі су деңгейінің көтерілуі күтіледі», деп мәлімдеді Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаменті.

Қалалық ТЖД мыналарды ұсынады:

  • автокөліктерді ағаштардың астында қалдырмаңыз;

  • бұқаралық ақпарат құралдарының, теледидардың, радионың «112» дабылдары мен хабарламаларының сигналдарын қадағалау.

Кіші және Үлкен Алматы, Ақсай, Қарғалы бассейндеріндегі өзендердегі «Казселезащита» бақылау бекеттерінің мәліметінше, жағдай тұрақты.

Сондай-ақ қала тұрғындарына тауға барудан бас тартуға кеңес берілді.

Бөлісу:
Алматыда дауылды ескерту жарияланды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар