Тарих
1 мин оқу 650

Қуғын-сүргінге ұшыраған 250 мың адам ақталды

<p style="text-align: justify;">Елімізде прокурорлық қадағалау тәртібімен қуғын-сүргінге ұшыраған 250 мыңнан астам азамат ақталды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> Qazaqstan.tv сайтына сілтеме жасап.</p>

Қуғын-сүргінге ұшыраған 250 мың адам ақталды

Ақталған азаматтардың көбі кезінде жер аударылған және күштеп көшірілген. Бұл туралы Мемлекеттік хатшының саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі комиссияның жұмыс нәтижелері туралы берген сұхбатында айтылды.

Ерлан Кариннің мәліметінше, 2020 жылы құрылған мемлекеттік комиссияның жұмыс топтарында 316 сарапшы-ғалым бар. 261 адам жабық мұрағаттарда жұмыс істеген. Архив материалдарын іздеу мен талдаудың тиімді жүйесі жасалған. Құпиясыздандырылған құжаттар ғылыми тұрғыдан өңделіп, цифрлық форматқа көшірілуде. Алдағы уақытта қуғын-сүргін бойынша тарихи материалдарды бір жерге топтастыратын арнайы портал құру көзделіп отыр.

 Салтанат Кенжебай

Бөлісу: