Оқиға
1 мин оқу 700

Алматы облысында жол апатынан 3 адам қаза тапты

<p style="text-align: justify;">Алматы-Өскемен тасжолының 445 шақырымында көлік аударылып, 3 адам қаза тапты, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Сарқан ауданы әкімінің баспасөз қызметінің мәліметінше, қайғылы жағдай Сарқан ауданы аумағындағы Қойлық ауылының маңында орын алған.

Көлікте 7 адам болған. 22 жастағы қыз бала оқиға орнында жан тапсырған, ал тағы көлік жүргізуші мен бір жастағы сәби ауруханада қайтыс болды.

«30 мамыр күні сағат 18:00 шамасында мersedes көлігі аударылған. Зардап шеккендердің барлығы Алакөл ауданының тұрғындары», деді аудан әкімі баспасөз қызметінің хатшысы Олжас Құрмашев.

Бөлісу:
Алматы облысында жол апатынан 3 адам қаза тапты · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар