Қаржы
1 мин оқу 521

Доллар бағамы 414 теңгеге төмендеді

<p style="text-align: justify;">KASE Қазақстан қор биржасының деректеріне қарағанда, доллар бағасы бүгін де төмендеді, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 11,96 теңгеге төмендеп, 414,67 теңгені құрады.

Айта кетсек, Ұлттық банктың 31 мамырдағы ресми бағамы бойынша, 1 доллар 427,39 теңгені құрайды.

Kurs.kz деректері бойынша Алматының айырбас пункттерінде америкалық долларды сатудың орташа курсы 422,34 теңге, ал сатылымы - 428,35 теңге.

Ал Нұр-Сұлтанда америкалық валютаны орта есеппен 422,88 теңгеден сатып алып, 427,26 теңгеден сатады.

Бөлісу:
Доллар бағамы 414 теңгеге төмендеді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар