Қазақстан
2 мин оқу 217

Жаңа бағытқа бет алатын сәт

<p style="text-align: justify;">Президент жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының базасында &laquo;Жастар және референдум&raquo; оқыту семинары өтті. Жиын барысында Конституцияға енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларды қабылдау мәселесі талқыланды.</p>

Жаңа бағытқа бет алатын сәт

Семинардың мақсаты – бүкіл­ха­лықтық референдумды дайындау туралы жас азаматтар ара­сын­­да түсіндіру жұмыстарын жүр­гізу. Іс-шарада Орталық ре­­фе­рен­дум комиссиясының тө­рағасы Нұр­лан Әбдіров рес­пуб­­­ликалық ре­­фе­­рендумды ұйымдастыру мәсе­ле­­лері­не тоқ­та­лды. Оның айтуынша, елі­­міз­дің әр түкпірінде түрлі оқы­ту се­ми­нарлары өткізіліп жатыр.

«Мемлекетіміздің жаңа бағыт­қа бет алуы – өмірде ізде­ністе жүрген жастар үшін аса қажет. Сондықтан осындай семинардың  өтуіне шын көңілден қуанып отырмын», деді Н.Әбдіров.

Сондай-ақ спикер Орталық референдум комиссиясының ай­мақтарға сапары жұмысына тоқ­талды. Оның айтуынша, Пре­зи­денттің бастамасымен қолға алынған жоба – ауыл әкім­дерін сайлау жұртшылық арасында қызу қолдауға ие болып отыр.

«Аймақтарға сапар барысында 443 нақты ұсыныс жиналды. Кездесулер бейресми форматта өтті. Бүкіл Қазақстанды аралап шық­тық, он мыңға жуық адаммен кез­дестік. Онда айтылған ұсы­ныс­тарды ескереміз, қазір ола­рды сараптап жатырмыз», деді Н.Әбдіров.

Әділет министрінің оры­н­басары Алма Мұқанова Кон­с­­­титуцияға енгізілетін негізгі өзге­рістер жайлы түсіндірді. Вице-министр референдумда бір ғана мәселе – Ата Заңға енгізі­ле­­тін өзгерістерді қабылдау жө­нінде сауал қойылатынын жет­кіз­ді.

«Егер 11 облыстағы халық­тың көпшілігі жақтап дауыс берсе, онда түзетулер қабылданды деп есептелінеді. Егер бұл көрсет­кіш­ке қол жеткізілмесе, онда түзе­­тулер қабылданбаған болып сана­лады», деді А.Мұқанова.

Жастар өкілдері өздерін тол­ған­дырған сұрақтарын қойып, оған тұщымды жауап берілді. Іс-шараға республикалық және өңірлік жас­тар ұйым­да­рының басшылары мен бел­сен­ділері, өңірлік жастар ре­сурс­­тық орталықтарының, оқу орындарының жастар ісі жө­нін­дегі комитеттерінің қыз­мет­керлері, Нұр-Сұлтан қала­сы­ның жоғары оқу орындарының студенттері, магистранттары мен докторанттары қатысты.

Семинарды Орталық референдум комиссиясы және Президент жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Электоралдық оқыту орталығы ұйымдастырды. Іс-шараға әр аймақтағы жастар мен жастар ұйымдарының өкіл­де­рі бейне байланыс режі­мін­де қатысты.

Бөлісу:
Жаңа бағытқа бет алатын сәт · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар