Аймақтар
1 мин оқу 174

Бастаманы халық қолдайды

<p style="text-align: justify;">Қостанай облысының Жітіқара ауданына Мәжіліс депутаттары Самат Ақышев пен Әлия Сапарова келіп, кәсіпорын өкілдерімен, еңбек ұжымдарымен кездесті, деп хабарлады Парламент Мәжілісінің баспасөз қызметі.</p>

Бастаманы халық қолдайды

Әлия Сапарованың айтуынша, Президенттің референдум өткізу туралы бастамасын ел тұрғындары қолдайды. Яғни, халық өзгерістердің маңыздылығын түсінеді.

– Біз өз кезегімізде Жаңа Қазақ­станды, жаңа құқықтық мем­лекеттік құруда референдум өт­кізу­дің қажеттігін, одан әрі нақты, айқын түсіндіруді жал­ғас­­ты­ратын боламыз, – деді Ә. Сапарова.

Ал Самат Ақышев алдағы референдумның маңыздылығын алға тарта келіп, әрбір азамат елдің саяси өміріне белсенді қатысып, өзінің сайлау құқығын барынша пайдалануға тиістігіне тоқталды.

 Депутаттар атбасын бұрған «Қос­танай минералдары» АҚ – Қа­зақ­стандағы хризотилді өнді­ре­тін бірегей кәсіпорын. Хризо­тил-ас­бест өндірудің әлемдік нарығында жақсы нәтижелер көр­сетіп, әлем­де 4-ші орынды иеленеді. Өнім­нің 95 пайызы экспортқа кетеді.

Кәсіпорын қызметкерлері 5 маусым күні дауыс беруге қатысатындарын, жаңарудың, өзгерістің уақыты келгенін, оған үлес қосу азаматтық парыздары екенін атап көрсетті.

Бөлісу:
Бастаманы халық қолдайды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар