Қоғам
2 мин оқу 545

«Балаға лайық» жобасы келеңсіздіктерді анықтайды

<p style="text-align: justify;">Білім және ғылым министрлігі &laquo;Балаға лайық&raquo; акциясын ұйымдастырған болатын. Бұл науқан мектеп асханалары мен санитарлық тораптардың жағдайын ерекше бақылауға алуды көздейді. Жақында осы акцияның аралық қорытындысы шығарылды.</p>

«Балаға лайық» жобасы келеңсіздіктерді анықтайды

Білім және ғылым ми­нистр­лігіне қарасты Балалар құқықтарын қорғау коми­теті­не бір айда 110 нысандағы келеңсіздіктер туралы 1 мың­нан аса хабарлама түскен. Шағымдардың басым бөлігі мектептердегі санитарлық-гигиеналық жағдайларға байланысты болды.

Аталған комитет елі­міздегі оқушылармен және ата-аналармен бірлесіп, мектеп әжетханалары мен асханаларындағы кемші­ліктерді анықтау, мектептерді жабдықтау және оларды ұс­тауға қаржы алатын әкім­дік­термен ескертулерді жою мақсатында «Балаға лайық» акциясын бастаған.

Балалар құқықтарын қорғау комитетінің төраға­сы Есенғазы Иманғалиев: «Ак­цияның бірінші кезеңі аяқталды. Жұмысты белсенді жүргізу үшін барлық облыс­тың білім басқармаларымен, балалар өкілдіктерімен онлайн кездесулер өткізіл­ді. Білім беру ұйымдарында мессенджерлердің QR-код­тары бар буклеттер тара­тыл­ған», деді.

Е.Иманғалиевтің мәлім­деуін­ше, білім ордалары­ның санитарлық-тұрмыстық жағ­дайы мен асханалары­ның жай-күйіне қатысты барлық ша­ғым әкімдіктерге жіберіле­ді. Акция кезінде анықталған кемшіліктер мен ескертулерді жоюға 1 қыр­күйекке дейін уақыт берген. Нәтижесінде Instag­ram-дағы @balaga.laiyq парақ­шасында мектеп әжет­ханалары мен асха­наларының «дейінгі және кейінгі» фото-видеолары жарияланады.

Акцияның екінші кезеңі жаңа оқу жылында бас­талады. Бір ай бұрын басталған акция «Мектептің жақсаруы­на көмектес!» ұранымен өтіп жатыр. Мониторинг жазалау үшін емес, балаларға сани­тар­лық-гигиеналық жағ­дай­лар жасалмаған білім беру ұйым­­дарын анықтауға ба­ғыт­талған. Бұл ретте мектеп ас­ха­наларында проблемалы жуы­натын бөлмелер, заң бұзу­шы­лықтар жайлы хабар берген­дердің аты-жөні, олар туралы ақпараттардың жарияланбайтынына кепілдік беріледі.

Осыған дейін министр­лік бірқатар облыстың әкім­діктеріне ауладағы дәрет­ханаларды жою және мектептерде балаларды қорғау үшін дабыл түймелерімен, бейне­камералармен және басқа да қауіпсіздік жүйелерімен жұмыс жүргізбеген лауазымды тұлғаларды жауапқа тарту туралы хат жолдаған еді.

Балжан НҰРҒАЛИҚЫЗЫ,

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің

2-курс студенті

Бөлісу:
«Балаға лайық» жобасы келеңсіздіктерді анықтайды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар