Қоғам
1 мин оқу 1,784

Вагонда дүниеге келген қыз

<p style="text-align: justify;">Атыраудан Ресейдің Астрахань қаласына қатынайтын жолаушылар пойызы бар. Қауіпті вирус өршіген кезде тоқтап қалған еді. Биылғы 20 сәуірде қайтадан жүре бастады.</p>

Вагонда дүниеге келген қыз

Өткен сенбіде аталған пойыз­дың 5-вагонына Құрманғазы ауданының орталығынан Кен­жегүл Қайырболатова мінген. Мақсаты – Атырау қаласына жету. Алайда таңғы сағат 5-те жүкті келіншектің толғағы бас­талған. Пойыз бастығы Сәуле Ілиясованың жолсеріктер бригадасы көмекке ұмтылады. Нұс­қаулыққа сәйкес болған жайтты машиниске хабарлап, жедел жәрдем бригадасын ең жақын стансаға шақыруға шешім қа­былдайды.

Алайда жедел жәрдем бригадасын күту мүмкін болмады. Пойыз жолсеріктері Мыр­загүл Қаражігітова, Марияш Ораз­ға­лиева мен Лаура Камалова жүк­ті әйелді босандыруға кірі­седі. Таңғы сағат 05:30-да жедел жәрдем көлігінде емес, пойыз ва­гонында кішкентай бұрымды дүниеге келді.

– Жолаушылар пойызында жұмыс істеген 15 жылда алғаш рет жүкті ананы босандырдық. Біздің компанияда осындай тосын жағдайда әрекет етуге үй­ретеді ғой. Сондықтан біз әр­ кез жолаушыларға көмек көр­се­туге дайынбыз, – дейді Сәуле Ілиясова.

Атырау стансасында жедел жәрдем қызметкерлері жаңа туған сәбиді анасымен бірге күтіп алды. Дәрігерлер ананың да, сәбидің де денсаулығын жіті тексерді.

– Толғақ басталғанда, алдымен сәбиімнің денсаулығы үшін алаңдадым. Бірақ жолсеріктердің жедел көмегінің нәтижесінде вагонда аман-есен босандым. Бұл – естен кетпейтін оқиға. Кейін қызым өскенде, қалай, қайда өмірге келгенін айтып беремін, – дейді Кенжегүл Қайырболатова.

Атырау облысы

Бөлісу:
Вагонда дүниеге келген қыз · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар