Спорт
1 мин оқу 250
Испанияда үздік шықты
<p style="text-align: justify;">Испанияның Мадрид қаласында джиу-джитсудан халықаралық турнир өз мәресіне жетті.</p>

Аталған турнирде бақ сынаған қазақстандық спортшы Дана Төлеужан 55 кило салмақ дәрежесінде қарсылас шақ келтірмеді. Финалға дейін бір деммен қарсыластарын ойсырата жеңген жерлесіміз халықаралық бәсекенің алтын медалін жеңіп алды. Сондай-ақ ол джиу-джитсу күресінен 2019 жылы Абу-Дабиде өткен әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанған болатын.
Қазіргі уақытта Италияның астанасы Рим қаласындағы «Ла сапиенца» университетінің магистратурасында тәлім алатын Дана Бекенқызының джиу-джитсу күресінен бөлек, су спорты түрлерінен спорт шебері деген атағы бар.
Бөлісу: