Қоғам
1 мин оқу 520
ҚТЖ директорлар кеңесінің құрамы өзгерді
<p style="text-align: justify;">ҚТЖ жалғыз акционерінің 27 мамырдағы шешімімен директорлар кеңесінің құрамына өзгерістер енгізілді, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> «Қазақстан темір жолы» ҰК АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.</p>
«ҚТЖ» ҰК» АҚ Директорлар кеңесі төрағасының, тәуелсіз директоры Кальман Шомодидің өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды. «ҚТЖ» ҰК» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы, тәуелсіз директор Юрий Лавриненко болып сайланды», делінген хабарламада.
ҚТЖ Директорлар кеңесі 9 адамнан тұрады:
- Юрий Лавриненко - директорлар кеңесінің төрағасы, тәуелсіз директор;
- Нұрлан Сауранбаев - директорлар кеңесінің мүшесі, басқарма Төрағасы;
- Нұржан Байдәулетов - директорлар кеңесінің мүшесі, жалғыз акционер мүдделерінің өкілі;
- Ернат Бердіғұлов - директорлар кеңесінің мүшесі, жалғыз акционер мүдделерінің өкілі;
- Назира Нұрбаева - директорлар кеңесінің мүшесі, жалғыз акционер мүдделерінің өкілі;
- Гибрат Ауганов - директорлар кеңесінің мүшесі, жалғыз акционер мүдделерінің өкілі;
- Ульф Вокурка - директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директор;
- Нұрлан Ақанзарипов Нұрлан - директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директор;
- Джон (Йан) Маккей - директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директор.
Бөлісу: