«Тұмар-2022» ұлттық телевизиялық байқауына өтінімдер қабылдау басталды
<p style="text-align: justify;">tvtumar.kz сайтында «Тұмар-2022» ұлттық сыйлығын алуға өтінімдер қабылдау басталды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a></p>

Cыйлыққа 2021 жылы қазақстандық телеарналардың эфиріне шыққан телевизиялық жобалар қатыса алады. Өтінімдерді республикалық және аймақтық телеарналар, студиялар және кәсіби телевизиялық контент шығаратын компаниялар бере алады.
Сыйлық 10 номинация бойынша беріледі:
- Үздік телевизиялық сериал
- Үздік деректі фильм
- Үздік ақпараттық бағдарлама
- Үздік әлеуметтік жоба
- Үздік ток-шоу
- Үздік ойын-сауық бағдарламасы
- Үздік тележүргізуші
- Үздік тележурналист
- Үздік режиссерлік жұмыс
- Үздік аймақтық телеарна
«Тұмар» — Ұлттық телевизиялық бәйгесі 2017 жылы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің бастамасымен құрылған. Сыйлықтың негізгі мақсаты — кәсіби қоғамдастықтың жыл сайынғы әділ бағалауы арқылы қазақстандық телеиндустриясының дамуын ынталандыру. Осының негізінде жеңімпаздар Тұмар мүсіншесі және 1 миллион теңге көлеміндегі сыйақымен марапатталады.
Салтанат Кенжебай